Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз А) Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты. Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады. Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Үшеуі қосылып алып, үйді басына көтерді.
Қыл өтпестей-ажырамастай,аузын буған өгіздей- үндемей,қақпақ-жауып,төбемді көкке жеткізу-қатты қуанту,беті қайтып-тосылып,ішкі бауындай-тату-тәтті,тас төбесіне-қатты қорықты,қойнына-қатты қуанды,терісіне сыймай-ашулы,үйді басына-шулады.