Мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түріне ажыратыңыз. Египеттегі алғашқы кітапханалар ертеде ғибадатханаларда сақталған. Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар осында сақталып келді. Ерте заманда египеттік жазуды алғаш папирус ағаштарына жазып, ұштарына тақтайшаларды тығып, орама үлгісінде сақтаған. Тарихтағы біз білетін ең ежелгі кітапханалардың бірі – Александрия кітапханасы екі рет өртенген. Кітапхананың нақ әрі қалай өртенгені туралы зерттеушілер пікірі әрқилы. Александрия кітапханасының бүкіл грек, үнді және мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі біздің жыл санауымыздан бұрын 47-48 жылдары Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кейде атақты Александрия кітапханасын Халиф Әмір әдейі немесе қасақана өртеген деседі. Дескриптор: 1. Үстеулерді анықтайды-2 ұпай; 2. Үстеулердің мағыналық түрлерін ажыратады-2 ұпай с тестом!!