Мәтіннен үстеу сөздерді табыңыз және синонимдік қатарын анықтаңыз: Көктемнің келгенін жеткізетін табиғат ғажайыптары да жетерлік. Соның бірі – жыл құстары. Өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келетін жұдырықтай ғана жыл құсы бар. Оны қазақ наурызкөк, наурызек немесе көкқұс деп атайды. Кей жерлерде оны жылқышы құс немесе бақыт құсы деп те атайды. Құсты бірінші көрген а оған жем шашады. Наурызкөкті алғаш көргендер «Наурызкөгім, келдің бе?» немесе «Наурызек, қайтып келдің бе, анаңның көзі жазылды ма?» деп сұрайды. Аңыз бойынша Наурызектің анасы – Жер-Ана. Яғни, Жер-Анаға көктем келді ме, табиғат жаңарды ма деген мағына береді.
Жеп-жеңіл, ұшқалақтап тұратын кішкентай құс – наурызкөктің құйрығы ұзын, түсі көк болады. Наным бойынша наурызкөк келгеннен кейін күннің қатуы сынып, айтарлықтай боран, суық болмайды.
,