Мәтіннен синоним,антоним,омоним сөздерің тауып жаз:Алтай ботаника бағы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында құрылған.Ауданы 176 гектар, теңіз деңгейінен 760-860 метр биіктікте тау етегінде орналасқан.Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған.Ондағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады.Соның ішінде ағаш пен бұталардың 570-тен астам түрі,қылқанжапырақтылардың 47,раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық,гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрі өседі.Алтай ботаника бағы өндіріске орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден астам түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сортын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына пайдалануға енгізді.Сондай-ақ Алтай ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді.Қазақстанның 《Қызыл кітабын》құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді. ӨТІНЕМ КӨМЕКТЕСІНДЕРШІ МАҒАН КЕРЕК ТЕЗ