Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар Сонау антикалық дәуірдегі мифтен қазіргі өскен, күрделенген үлкен жанр --романға дейінгі кезеңді алып жатқан үлкен тарихи тәжірибені, даму эволюциясын бастан кешірген ішкі монолог тәсілі өзінің шын мәніндегі көркемдік қызметіне жазба әдебиетте, әсіресе прозада ғана ие болды. Ол көркем проза арқылы өзінің әдебиеттегі орнын белгіліп, ғылыми айналымға түсіп, ғылыми-теориялық анықтамаға ие болған ішкі монолог тәсілі қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасыр басындағы прозада орын алды. Көбінде кейіпкердің ішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде эпизодтық ретте қолданылып келген қарапайым, дәстүрлі монолог тап осы кезеңде өзінің сапалық өсу сатысын бастан кешірді. Ол енді тек көркем шығармадағы кейіпкерді сөйлету, оның ішкі ойын жүйелі түрде айтып шығу секілді қарапайымдылықтан біржола қол үзіп кетпесе де бөлектеніп, дербес тәсілге, яғни ішкі монологқа айналды.
Бір ғана адамдың ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады және оның ішкі монологтан тағы бір айырмашылығы жүйелі сөз болып келеді.
Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Монолог түріндегі жүйелі сөзден ішкі монологтың айырмашылығы да осында, яғни бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Кейіпкерлердің ішкі сөзінің логикалық байланысын саналы түрде үзіп, ой мен сезім құбылысының тұтастығын сақтамауды ХХ ғасыр басындағы прозалардан кездестіру жат құбылыс емес.Сондықтанда кейіпкердің ішкі сезімін, ішкі толғанысын ішкі монолог түзілімдері арқылы талдау бүгінгі күннің басты мәселесі.

0123220210 0123220210    2   20.04.2021 01:05    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi