Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап жаз Мәтінді түсініп оқы.

Абай Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Шым есімі – Ибраһим. Әкесі – Құнанбай. Анасы – Ұлжан. Әжесі – Зере. Абай Құнанбайұлы - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы.
Ақынның шығармашылығы ұшан-теңіз. Абайдың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы. Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаһарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғат – адам өмір сүрер, тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Табиғатқа жан бітіруді ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген. Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдері бар.Абай Құнанбаев 45 қара сөз жазған.

katjasumigai katjasumigai    3   06.04.2020 14:18    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi