Мәтіннен есімдіктерді тауып жазып, мағыналық түріне ажырат. Каспий теңізі-ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі 398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі жағдай нашарлап кетті.Жалпы, Каспий теңізі экожүйесінің жағдайы дағдарыс алды деп бағаланады, және де солтүстік.шығыс бөлікте мұнай алуға кіші су қоймаларын жоспарлары бойынша жасаса, оның табиғи ортасын ірі масштабта нашарлатуы мүмкін.Каспийдің жоғары деңгейде ластануының көптеген себептері баршылық. Соның бірі ретінде теңіз астындағы көмірсутегі шикізаттардың белгілі бір мөлшерде сақталуы, халықтың және өнеркәсіптің жоғары тығыздығы, құлама өзендердің бойындағы ауыл шаруашылығының белсенді игерілуі, «өзен.теңіз» деген айқын көрінерлік геохимиялық тосқауылдың болмауы, бассейннің тұйықтығы және т.б. Мұнай, фенол сияқты ластаушылардың кей мөлшерінің теңіз суына түсуі табиғи процесстердің нәтижесінде болады.Теңіздің басты ластаушысы мұнай болып табылады. Мұнай . өзіндік иісі бар қара.қоңыр түсті тұтқыр майлы сұйықтық. Мұнай өнімдері шекті, шексіз қатарлардан тұратын көмірсутегілердің күрделі қо тұрады. Қоршаған орта мен оның тұрғындарына мұнай және оның өнімдері қандай зиян келтіреді? Судың көп бөлігінің бетін жұқа пленка түрінде жайылу арқылы мұнай көптеген тірі микроорганизмдерге зиян әсер етіп, биологиялық тізбектің барлық өкілдерін жоя алу мүмкіндігі бар. Мұнаймен ластану Каспийдің көк.жасыл мен диатомды балдырлар ретінде белгілі фитобентос пен фитопланктондарының дамуын тежейді. Теңізге түскен мұнай өнімдері балықтардың уылдырығы, дернәсілі мен шабақтарының сапасына кері әсер етіп, қоректің базаны жояды. Тек мұнайдың 1 тоннасы теңіздің 12 км2 беттік көлемін ала алады. Теңіздер мен мұхиттар бетіндегі мұнай пленкалары энергия, жылу, ылғалдылық және суқоймалар мен атмосферадағы газдар алмасуын бұза алады; физико.химиялық процесстерді өзгертеді: су беткейінің температурасы жоғарылайды, газ алмасу нашарлаған соң, балық кетуі не өлуі мүмкін, сондай.ақ су түбіне тұнған мұнайда барлық тірі организмдерге зиянды әсер етеді: мұнайдың жинақталуы жоғары ұйымдастырылған жануарлар мен қарапайымдылардың қоректену тізбегінде болады.

chumaeva791 chumaeva791    2   12.12.2021 18:12    0

Ответы
35794488 35794488  01.02.2022 00:15

вот держи :) там немного не видно но всё же))))

Объяснение:

удачи там


Мәтіннен есімдіктерді тауып жазып, мағыналық түріне ажырат. Каспий теңізі-ішкі континентте орналасқа
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi