Мәтіннен есімдіктерді тауып, қай мағыналық топқа жататынын көрсетіңіз. Өте ертеде бір дана қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып: – Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан, – депті ... Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды. – Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, – деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтыпты. («Ел аузынан»).