Мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есімдерді тауып, кестені толтыр. текст для поиска слов.
Абай ауылына жеткенше асықты.
-Анау -Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, - деді бір үлкен әйел.
- Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... - Телғара! – деді жас әйел.
Абайдың келген хабарын естіп, анасы - Ұлжан мен әжесі Зере
сыртқа шықты. Зеренің ең жақсы көретін немересі - Абай еді. Оның
тілеуін тілеп отыратын.
Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған қарай жүре беріп еді, шешесі:
- Шырағым, балам, ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай әкесіне қарай тез бұрылды. Әкесіне қол беріп амандасты.
Әкесі:
- Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімің де өсті ме? – деді.
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға белгілі. Ол сабырмен:
- Шүкір, әке, Қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, деді.
Құнанбай:
— Бар, енді шешелерің жаққа бар, амандас, балам! — деді.