Ғ) Мәтіннен баяндауыштарды теріп жазыңдар. Дара баяндауыш:
Құрама баяндауыш:
Күрделі баяндауыш:
...Ал енді ол жүнді неғыласың дейсіз ғой. О, ол жүннен шекпен
тоқымаймыз, киіз де бастырмаймыз. Ол жүннен қолдың басындай доп
жасаймыз.Оның өз технологиясы бар. Өлі жүнді ыстық суға малып алып,
кос қолдап уқалай берсең, басы бірігеді. Үстемелеп тағы жүн қосып
болуы үшін өзегіне тас салып қойсаң, тіптен әйбат.
Ол допқа таяқ керек. Құдайға шүкір, сол кезде Мыңбұлақтың
бойында әлі әдемі сәмбі талдың тамтығы бар болатын. Содан тұмсығы
қайқы бір-бір таяқ кесіп аламыз. Содан соң – ойын дайын.
Осы күні ойласам, ол ойынымыз –
кекірігі азған бай ел – Америкада
«Гольф» дейтіннің сыңары сияқты. Ортадан бір шұңқыр қазып қойып,
әлгі киіз допты алыстан ұрып, соған түсіру керек. Кім түсірсе, сол
ұтады, кім түсіре алмаса, белгілі бір мәреге дейін қашуы керек...