Мәтіннен айтыскер ақын қандай болуы керектігін оқы ассоциаграмма құрастыр

Айтыс ертеден келе жатқан қазақ әдебиетінің үлкен саласы. Айтыс "көркемсөзбен жарысу" дегенді білдіретін поэзияның күрделі жанры. Айтыстың негізгі ерекшелігі - болған оқиға, шындық өткір тіл мен айтылады. Айтыс - нағыз ақындық өнер, суырыпсалма өнер. Ол көркем ой мен мен әдеби тілдің ғасырлық даму жолын көрсетеді. Айтыстың қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда маңызы зор. Тілдегі сұлу теңеулер, мақал-мәтелдер айтыс өлеңдерінде жасалған. Айтыс адамды әдемі сөйлеуге, шешендікке, тапқырлыққа үйретеді. Айтысқа шынайы ақындар ғана барады. Айтыс - ұйқасқан өлең ғана емес, көркемсөз, бейнелі ойға құрылған жауап. Айтыс тапқырлық қажет етеді. Себебі қарсылас ақынның өлеңіне ұтқыр жауап айтылмаса, ақын жеңіліс табады.Нағыз айтыстар ақын домбырасыз айтыспайды. Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген. Біріншіден, ол - сөз өнерін жақсы меңгерген шешен, екіншіден, әнші, үшіншіден, домбырада шебер ойнайтын әртіс. Кез келген ақын айтыскер ақын болмайды. Өлең жазатын ақын көп. Бірақ бәрі суырып салып өлең айта алмайды. Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды, терең ойлы, ұтқыр жауап беретін логикалық ойлауы күшті жан болуы керек. Айтыста әдептілік сақталады.

ilona125 ilona125    1   21.04.2020 14:16    38

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi