Мәтіннен 5 етістікті тауып, шартты рай тұлғасында қолданыңыз Ораздың қысқы соғымы қоян ғана . Оның үйі қоянды көбінесе сорпа қып емес , бәліш қылып жейді . ... Ораз әңгімеші адам . Оның айтуынша , әкесі Қаша да аңшы екен . Ес білгелі әкесінің қасына еріп , аңшылықты кәсіп еткен , оның аң аулау туралы небір тамаша әңгімелері болады . Сол әңгімелерді аса шеберлікпен айтып береді . Оның әңгімелері әсіресе балалар үшін қызық . Ғажап ертегі сияқты әңгімелері менің есімде күні бүгінге дейін сақтаулы . Ораз аңнан қайтса - ақ , жұрт оның кеңесін тыңдауға жиналады . Бәйбіше , - дейді қонақтарын жылы шыраймен қарсы алған Ораз амандық - саулықтан кейін , - даярла бәлішіңді ! .. Асқа дейін біз әңгіме соға тұрайық ! .. Әкем төсек тартып , жатып қалды . Үйде ұстар мал да , қаражат та жоқ . Енді қалай күн көру керек ? Мұндай жағдайда « Ораз жәрдемдеспесе , сол жылы біздің үй аштан өлер еді » деп ойлаймын ... Бір күні таңертең Ораз келді де әкемнің көңілін сұрап отырып : Ау , Мұқан !
Шариғатта айтады екен : « Ең ауыр ақы – көрші ақысы » , деп . Маған биыл көрші қондың ғой . Бәрібір « иттің құлы — Итақайға » үлестіріп жатқан дүние , сен оны намыс көрме , мен борыш көрмейін , биыл қыс мылтықтың қарауылына , бүркіттің тұяғына іліккен олжаға екеуіміз ортақ болайық . Осы кеңестен кейін біздің екі үйдің дастарқаны қосылып кетті . Сәбит Мұқанов.​

Nirronua Nirronua    2   05.12.2020 10:26    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi