Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап , кестеrе түсіріңіз . Окылым тәуелді . Қазіргі кезде өндірістік үдеріс , өндірістік өнімдердің көпшілігі химиясыз өмірге Еліміздің өндіріс салаларының барлығы , тігі , біздің өміріміздің озі химия өнеркәсібіне келмейтіндігі белгілі . Химия өнімдеріне деген сұраныс тек өндіріс саласында ғана емес , күнделікті тұрмыста да касеттілік тауып , үлкен сұраныска ие болып , күннен - күнге канатын кеңге жайып келеді . Әлемдік жаһандану жағдайында , гылыми - техникалық прогресстің дамуында химияның алатын рөлі зор . Химияны дамыту арқылы әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол жетті . Мәселен , адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама ағашты үнемдеп , тамырына балта шабудан аман алып қалғанынан ғана оның пайдасының бір жағын көруге болады . Әрине , өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып , әлі де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр . Химиялық үдерістер өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізіп , оны одан әрі арттыра түсуде . Химия өнеркәсібі әлемдік өнеркәсіп өнімнің 20 мыңнан аса түрін шыгарады . Бұл өнімдер машина ясасауда , жеңіл өнеркәсіптерде , медицинада , электрондық өндірісте кеңінен қолданылуда . Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға кандай мүмкіндіктер бар ? Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып табылады . Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің елімізде бар . 70 элементтің коры зерттелген . Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған . Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар және 493 кен орны белгілі . Пайдалы қазбалар қорының көлемі жагынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында : күміс , хромит , қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында , мұнай , көмір , мыс , никель мен фосфат шикізатын өндіру бойынша екінші , алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр . Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі коры бар , олар негізінен еліміздің батыс бөлігінде орналасқан . Мұнай өңдеу негізінде елімізде мұнай химия саласы қарқынды дамуда . Жыл сайын мұнда 32 миллион тонна мұнай өндіріледі . Бұл республикамызды әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына қосатыны көңіл қуантады . Табиғаты бай , табиғи шикізаты мол қазақ даласында химия өнеркәсібі елімізде ежелден қалыптаса бастады . Қола дәуірінде Қазақстан даласын мекендеген тайпалар әлемдегі алғашқы қола өндірушілердің бірі болды .

Zufar1618 Zufar1618    3   28.10.2020 14:36    128