Мәтіннің негізгі ойын анықтап, жаз . Қыс –ғажайып мезгіл. Оның табиғаты ерекше сұлу. Қыста қатты аяз болады, боран соғады.
Үсен ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Үсен жүгіріп терезеге келді. Терезе алдында өсіп тұрған ағашқа қарады. Боран ағашты майыстырып, жан-жаққа жұлқып тұр.
Үсен досын аяп кетті:
- Шыда, ағашым. Боран басылады. Мен саған күтім жасаймын. Сен үлкен болып өсесің, - деді.