Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
«Ұлы Жібек жолы»
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл
жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау
алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб,
Баласағұн Т.С.С. көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары-әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта
кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар
мен қару-жарақтар, киім-кешектер саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентей қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай
болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден
жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып,
мәдениет пен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. (150 сөз)
Верных ответов: 1
А) Ертедегі білім мен ғылымның дамуы
Д) Сауда арқылы Шығыс пен Батыс өркениетінің
жақындасуы
В) жәрмеңкелердің жыл сайын ұйымдастырылуы
C) «Тараз базары-әлем айнасы» болғандығы​


Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз«Ұлы Жібек жолы»Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс п

dima102603 dima102603    2   10.03.2021 15:44    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi