Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау Ж.3 Жазба жұмыстарында етістіктің шақтарын қолданып жазу. Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.Ұлы жібек жолы –Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы.Осы уақытқа дейін негізінен,»лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды.Лазурит жолы-Мысыр,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас,нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған.Құндыз жолымен бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. « Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып,ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты-Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.