Мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді. 
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңыз өте маңызды.

seredinavi seredinavi    2   02.02.2022 14:06    0

Ответы
JohnSto JohnSto  02.02.2022 14:10

1. Өз ісінің маманы атану нені білдіреді?

2. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу қиын ба?

3. Неліктен агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие?

4.Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар?

5. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңыз маңызды ма?

Объяснение:

Ну как могла, так

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi