Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен. Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек. Отбасы- мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Туған жерге қайтып келген қандастарымыз ел еншісіне зор үлестерін қосуда. «Отан - отбасынан басталады» деген аталы сөздің мән-мағынасы осыдан-ақ байқалады.Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік отбасында қалыптасады. Жанұяда біз әлеуметпен қарым-қатынас жасайтын алғашқы дағдылар пайда болады. 1. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз. Тақырып: 3. Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз