Мәтінге морфологиялық талдау жасау. Көмектесіңдерші -- Қобыз Күндердің күнінде бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие қарт аян береді: «Уа, Қорқыт, тұр! - дейді. - Сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атанның жілігіндей болсын. Шанағы бақырдай болсын. Көні аруананың бауыр терісінен болсын. Тиегі ортекенің мүйізінен болсын. Ішегі бесті айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз болсын. Сол қобыз қиялыңа қанат, жолыңа шырақ, жаныңа араша болар!». Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянса, көкірегі күйге то- лып, көмейінен сөз саулағандай халде екен. Сол бетінде қобыз жасау- ға кірісіп, әулиенің қойған барлық шарттарын орындайды. Сонан соң қобызды қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе, сарнап қоя береді. Әлгі көкірегін кернеген күй қобызына көшіп, аспан асты сазды сарынға бөленеді. Ұшқан құс, жүгірген аң, ескен жел - бәрі сүттей ұйып, қобыз күйін тыңдайды. (Ақселеу Сейдімбек)

Милаха84 Милаха84    2   11.12.2021 09:50    59

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi