Мәтінен есімдіктерді теріп жаз, мағанасына қарай ажырат Су-Тіршілік көзі

Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан
тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Судың пайдалы қасиеттеріне келесілері жатады:
– Су қоректік заттектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарді (жасушадан) тасымалдайды. Соған сәйкес ол жасушалық зат алмасудың өтуіне септігін тигізеді және жасушалардың химиялық қызметтеріне аса қажет.
– Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып, буындарға арналған майлайтын
сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйықтықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді.
– Су өз температурасын салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.
Су ағзаның маңызды құрылымдық компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады.
Кометтесінші Помагите‼️


Мәтінен есімдіктерді теріп жаз, мағанасына қарай ажырат Су-Тіршілік көзі Су — тіршілік көзі, табиғат

Valera7451 Valera7451    3   02.02.2021 12:59    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi