Мәтіндi оқып мәтіннің мазмұның ашатын тірек сөздердi теріп жаз. оларды пайдаланып сөз тiркесiн құра.

бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
                — сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
                қырғауыл:
                — жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
                түлкі:
                — жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
                қырғауыл:
                — жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
                түлкі:
                — әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
                қырғауыл:
                — жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
                қырғауыл:
                — қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
                түлкі:
                — кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

dkhairov1993 dkhairov1993    2   21.10.2019 18:28    13

Ответы
валерія346 валерія346  10.10.2020 08:27

ответ:қырғауыл;түлкі;иттер;қасқыр;қой;бұйрық

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi