Мәтіндегі туынды етістіктерді сөз құрамына талдаңда Мәтін:
Екі дос кісі келе жатып бір аюға ұшырапты . Бүл екі кісінің біреуі - өлсіз , ауру екен , екіншісі – мықты , жас жігіт . Аюды көрген соң бүл жігіт ауру жолдасын тастап , өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді . Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ , жерге құлады да созылып , өлген кісі болды да жатты : естуі бар еді , аю өлген кісіге тимейді деп . Аю бүл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да , дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті . Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп , ауру жолдасынан сұрапты :
Достым , аю құлағыңа не сыбырлап кетті ? Ауру жолдасы : - Аю құлағыма ақыл сыбырлады , екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді , - дейді . Ы.Алтынсарин

Dmitry70 Dmitry70    2   28.10.2020 13:51    2

Ответы
Glebforst Glebforst  27.11.2020 13:52
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1] Надеюсь
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi