Мәтіндегі тірек сөздерді анықтап, аннотация жаз. Аннотация жазуға қойылатын талаптар:
мазмұнды қысқаша баяндау
көпшілікке арналып, түсінікті жазылу
мәтінде айтылған ақпараттың ерекшелігін айту
автордың осы басылымды жазудағы басты мақсатын айқындау
аннотация жазылып отырған
мәтінге баға беру
Мәтін:
ЭКСПО көрмесі — жаһандық
ауқымдағы шара. Оны маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ірі танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. ЭКСПО көрмесі біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады, көрмені өткізу арқылы Қазақстан "Жасыл экономиканы" дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл
халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындады? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген, ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан
Қазақстан "Жасыл экономикаға" бет бұрды. ЭКСПО-ны өткізуден осындай мәселелер шешімін табуда. Шындығында, еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туады. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар.
"Болашақтың энергиясына" көшуге мүдделілік идеясын елдің өзі көрсете білуі тиіс. Үкімет біздің елімізде бұл бағыттың
тиісті деңгейде дамуы мәселелерімен жұмыс істеуі керек. Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан таза энергия түрлерінің әзірлемелері мен енгізілуі саласында инновациялық серпіліс жасауы қажет. Сондықтан болашақ энергиясын дамытудың кешенді жоспары барлық өңірді, ұлттық холдингтерді, зерттеу институттары мен әлеуетті отандық және шетелдік инвесторларды қамтыды. ​

Керис Керис    2   26.11.2020 18:01    95

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi