Мәтіндегі сөйлемдерден қарсылықты бағыңқы сабақтас құрмалас сөйлем , мезгіл бағыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Қазір ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай
электронды жүйелерімен, радиобайланыс жəне телекоммуника-
циялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін
емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы
жəне жерсеріктік байланысы, радиохабар жəне теледидар, ақпарат
жүйелері, ғаламдық Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді еле-
стету мүмкін емес. Осының бəрі – радиотехника, электроника жəне
телекоммуникациялар саласының жетістіктері.
Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін жəне пай-
даланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін
үйлестіру жəне телекоммуникация саласының даму сатысын
анықтау мəселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО)
айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым
жасау жəне соның нəтижесінде телекоммуникацияны ғаламдандыру,
дербестендіру.
Ғаламдандыру – əлемдік (шартараптық) желі құрып, оған
барлық мемлекеттердің жəне олардың аймақтық, абоненттік
желі лерін ин теграциялау. Дербестендіру – UPT (Unіversal
Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние
жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір
тағайындалып, əлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат
абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен авто-
матты түрде орындалады.

aydin6 aydin6    1   12.03.2021 12:47    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi