(Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты төрт сөз немесе сөз тіркестерін айтып, жаз найти 4 словосочетания

...Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда, менің олардан алабөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім.

Қадыр — менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық! Балалар: «Менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды» деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...

Ex, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде: «Жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп еске алып, армандап отырмай ма?..

Franni Franni    2   16.10.2020 07:47    1

Ответы
Qween123452003 Qween123452003  15.11.2020 07:47

1.Қадыр.

2.Әке.

3.Қожа.

4.Жетім.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi