Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап: Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа турін сынақтан өткізді . 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды . 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13 » кемесімен ғарышқа ұшты . Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология , медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізді . Зерттеу нә тижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесінің ғарыштық фотосуреттері алынды . Осы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар экологиялық аймақтың жағдайы туралы дабыл қағуда .
дұрыс емес сөздер: турін, нә тижесінде.
Дұрыс жазылуы:түрін, нәтижесінде