Мәтінде кездескен төмендегі сөздерді лексика-грамматикалық
омонимдерін тап. Оларды қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Керек сөздер: бас, мен, жас, кез, табыс, кіріс, ат, жат.​


Мәтінде кездескен төмендегі сөздерді лексика-грамматикалықомонимдерін тап. Оларды қатыстырып, сөйлем

niqwe niqwe    1   09.11.2020 10:34    6

Ответы
SerenaWilliamsisa SerenaWilliamsisa  09.12.2020 10:36
Бас: адамның дене мүшесі, таудың шыңы, ең биік жері, бұлақтың шығар жері, іс-әрекет басы (жұмыс басы), т.б

Айбек ойнап жүріп басын ұрып алды.
Кеше мен әкеммен тау басына шықтым.
Бұлақтың басында су өте таза болады.
Айгүл бүгінгі шараның басы қасында жүрді.

Мен: мен (өзім), екі затты немесе адамдырды айтқанда.

Мен балмұздақты жақсы көремін.
Ару мен Еңлік жақсы достар

Жас: адамның жасы, көз жасы, адамның жастығын айтқанда (жас бала).
Атам алпыс үш жаста.
Әжем ескі суреттерді көріп, көзіне жас алды.
Мына жас бала үлкен жұмыс атқарып жүр.

Кез: болған уақыт, кездесу, кезігу
Жас кезімде өте аңғал едім.
Анам ескі сыныптастарымен кездесті.
Сабағын оқымағандықтан, сәтсіздікке кез болды.

Табыс: ақша табысы, туыспен не доспен табысу
Компания өркендеп, үлкен табыс табуда.
осы бағдарламаның арқасында туыстар бір-бірімен табысып жатыр.

Кіріс: ақша кірісі, есіктен кіру, жұмысқа кірісу
Фабриканың кірісі түскен тапсырысқа тікелей байланысты.
Жұлдыздың кірісі ерсі көрінді.
Ол жұмысқа бірден кірісіп кетті

Ат: есім, жылқы, садақпен ату
Мына баланың аты Ерсұлтан.
Көкпар- ат үстінде ойналатын қазақтың ұлттық ойыны.
Қызыл кітапқа енген жануарларды атуға тыйым салынған.

Жат: жастыққа жату, біреуді не бір жерді жатсыну, жат мекен
- Кел, мұнда жатып, кішкене дем ал!
Сәбилер өзіне таңсық адамды көргенде жатсынып, жылай бастайды екен.
Жат мекен бәрібір туған жерге жетпейді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi