Мәтінде көтерілген мәселені, негізгі ойды анықтап, өз тұжырымыңызды білдіріңіз. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау арқылы қоғамдағы өз орныңды танудың мүмкіндігі зор.
         Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған дұрыс. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап алу керек.
        Мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ, оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту үшін  қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.
        Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып береді. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдармен пікір алысқаны дұрыс. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.
         Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады.       ​

dasha2468135 dasha2468135    3   29.12.2020 15:08    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi