Мәтінде қандай жоба туралы айтылған ? Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырыңдар . Қазақ тілін үйрететін мобильді қосымша жасаған екі дос Қазіргі таңда IT технологиясын еркін меңгерген білімді , жасампаз оқушыларды қолдау мақсатында « Infomatrix жобасы » атты халықаралық жарыс өткізілді . Бұл халықаралық жоба 4 секциядан тұрады : Programming , Computer art , Hardware control , Robotics . Онда барлығы 10 мемлекеттен 50 - ге тарта жоба қатысқан . Ал жалпы саны 4 секция бойынша 272 жобамен 500 - ге жуық оқушы сайысқа түскен . Павлодардағы « Білім - инновация » лицейінің шәкірттері Шыңғыс Рахат пен Абдулғафар Берсүгір осы жобада өздерінің бақтарын сынап , үшінші орынға ие болды . Олар қазақ тілін үйрететін мобильді қосымша жасап шығарды . Ол үшін қазақ тілінің заңдылығын жазған ғалымдардың еңбектерін көмекші құрал ретінде қолданған . Ана тілімізді жаңадан үйреніп жатқан адамдар үшін қазақ тілінің ережелерін , заңдылығын бірден игеріп кету қиынға соғады . Бұл мобильді қосымшаға деңгейлік кезеңдер бойынша тапсырмалар мен көмекші сөздер енгізілген . Сондай - ақ қалыптасқан ауызекі сөйлеу тілінің бірнеше баламасы ұсынылған .

Arituk Arituk    3   19.11.2020 10:34    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi