Мәтінді тыңдап, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. 2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз.
1-мәтін
Әдемі орауыштағы виртуалды өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе? «Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифт, дәретхана, ванна, спорт-фитнес және ӛзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды. Тордағы қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды. Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым саласына да ендеп барады. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гӛрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл, әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?
2-мәтін
Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе? «Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда. Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы ӛте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?

lisa17012006 lisa17012006    3   16.03.2021 10:03    9

Ответы
анастасия1520 анастасия1520  16.03.2021 10:10

ролдавртдоваяравдяылораы міне кей

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi