: Мәтінді тыңдап, берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орын- даңдар. 1-мəтін. Уақыт мөлшері: 12 минут. 1) Көкжал мен Кендебай арасындағы тартысты суреттеп жа- зыңдар. 2) Ертегідегі құлынның өсуін сипаттайтын сөздерді теріп жазыңдар. 3) Бала мен Кендебай арасындағы диалогті қағазға түсіріңдер. 4) Оқиғада кім туралы айтылғанын табыңдар. «Биыл төртінші жыл елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тұяқ қалдырмай айдап әкетті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтай- тын. Осы ұйқыда жатқан әкемді жау әскері байлап әкетті». Бұл кім? 5) Мәтінді тыңдағанда естіген ертегі кейіпкерлерін, оқиға- ларды ретімен дәптерлеріңе жазыңдар. дам 15