Мәтінді тыңдаңыз Әлемде климаттың өзгеруі қоршаған ортаны ластаудан болады . Жаһандық жылынудан ауа райы өзгеріп , қатты дауылдар , күшті су тасқындары , құрғақшылық болуда . Ғалымдар болашақта мұндай апаттар жиі болады дейді . Ғалымдардың болжауынша , су тасқынынан Оңтүстік - Шығыс Азия елдері зардап шегуі мүмкін . Бүгінде Қытай , Солтүстік , Оңтүстік Кореяда су тасқыны көбеюде . Ғалымдар климаттың өзгеруін ормандардың оталуымен де байланыстырады . Әлемде ағаштар көп oтaлуда . Өндіріс үшін Амазонка талдары оталып жатыр . Ормандардың оталуы құрғақшылық тудыруда . 2005 жылы құрғақшылықтан өзендер кеуіп , орманның 30 пайызы қураған . Жауын аз болғандықтан , жердің құнарлы қабаты желмен ұшып кетеді . Одан кейін құм мен топырақтан дауыл болады . 2003 жылы Еуропада жаз өте ыстық болған . Ғалымдар оны сирек кездесетін құбылыс деді . Поляк ғалымдары « мұздықтардың азаюы мен су температурасының көтерілуі ауа айналымын өзгерткен » дейді . Болашақта адамзатты не күтіп тұрғаны белгісіз . Сондықтан табиғатпен санасу керек . 1- тапсырма . Берілген сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер . 1. Әлемде климат неге өзгеріп жатыр ? 2. Су тасқындарынан қай елдер көп зардап шегеді ? 3. Ормандардың оталуы климатты өзгерте ме ? 4. Қатты дауылдар неден пайда болады ? 5. Ауа айналымының өзгеруіне не әсер етеді ?

нурлес2 нурлес2    3   21.10.2020 11:46    1

Ответы
Isuna Isuna  20.11.2020 11:48

1.Әлемде климат қоршаған ортаның ластануынан өзгеріп жатыр.

2.Су тасқынынан көбіне Қытай,Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері зардап шегеді.

3.Ормандардың оталуы климаттың өзгеруіне әсер етеді, ол құрғақшылық туғызады.

4.Жауын аз болғандықтан, жердің құнарлы қабаты ұшып кетеді.Соның әсерінен қатты дауылдар пайда болады.

5.Мұздықтардың азаюы мен су температурасының көтерілуі ауа айналымын өзгеруіне әсер етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi