. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз:Ескі тәрелке Топта жиырма бес бала бар. Жаңа тәрелке жиырма төрт. Жаңа тәрелкелер әдемі, гүлі бар. Бір тәрелке ескі. Оның суреті жоқ. Балалардың ескі тәрелкемен тамақ ішкілері келмеді. - Маған ескі тәрелкенің керегі жоқ, - деді Оспан. - Ескі тәрелкенің маған да керегі жоқ, - деп шулады балалар. Бірақ бұл тәрелкемен бір бала тамақ ішеді. Бүгін кезекші – Ажар. Ол барлық балаларға тамақты жаңа тәрелкемен берді. Балалар таң қалды. Ескі тәрелке қайда? Ескі тәрелкеден Ажардың өзі тамақ ішті. Асхана тыныш, шу жоқ. -Ажар – ақылды қыз. Ол жақсы ойлап тапты. Ескі тәрелкемен ылғи кезекші тамақ ішеді, - деді мұғалім. 1. Ажардың мінезіне лайық сөздерді табыңыз. *
А) өсекші, өтірікші
В) ақылды, тапқыр
С) жуас, тұйық
Д) алаяқ, қу
2. Мәтіндегі антонимдерді табыңыз. *
А) үлкен, кіші
В) ескі, жаңа
С) биік, аласа
Д) ақ, қара
3. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. *
А) жаңа парта
В) ескі тәрелке
С) жаңа тәрелке
Д) жиырма бес бала
4. Бұл оқиға қай жерде болған? *
А) спортзалда
В) асханада
С) сыныпта
Д) театрда
5. Енді ескі тәрелкемен кім тамақ ішеді?
А) кезекші
В) мұғалім
С) ұлдар
Д) қыздар
1В
2В
3А
4В
5А