Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.Атасы мен немересі орман ішімен келе жатты. Күн ыстық болатын.Олар мөлдір бұлақтың басына келіп тоқтады. Бұлақтан су ішіп, шөлдерін басты.- Рақмет саған, мөлдір бұлақ, - деді атасы.- Бүлаққа несіне рақмет айтасыз? Ол сіздің сөзіңізді естімейді, түсінбейді де ғой, - дедінемересі күліп.- Иә, солай,- деді атасы. - Егер бұлақтан жануарлар су ішсе, олар алғыс айтпас еді. Ал біз -адамбыз. Сен адамдардың не үшін «рақмет» айтатынын білесің бе? - деді жай ғана.Немересі ойланып қалды.1) Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады?2) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз13) Мәтінге ат қой.4) Мәтіннің негізгі ойын анықтап жаз​

irunadp0a62f irunadp0a62f    1   12.05.2021 12:27    3

Ответы
прог13 прог13  11.06.2021 12:28

1.Адамдар рахметті өз ризашылықтарын білдіру үшін,алғыс айту үшін,сыйластығын білдіру үшін айтады.Рахмет айту ізгілікті,тәрбиелілікті көрсетеді.Ислам дінінде рахмет айту - сүннет.

2.Атасы немересіне адамның жануарлардан айырмашылығы неде екенін айтты?

3.Мәтіннің тақырыбы - Мөлдір бұлақ.

4.Мәтіннің негізгі ойы - жас ұрпақты ізгілікке,өз ризашылығын білдіріп,рахмет айтуға тәрбиелеу.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi