Мәтінді түсініп оқы.
Түс кезі. Екі дос мектептен қайтып келе жатыр. Қызу әңгімелесіп,тым көңілді келеді. Екеуінің қолында да ішінде шұжығы бар ақ тоқашы бар. Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп, тоқашты қаужалап қояды. Қажыкен тоқашының қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қойды. Ал Болат қалған тоқашын бір кескен шұжығымен бірге жолға қарай лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп, қуалай жөнелді. Нанды домалатып, біраз жерге апарып тастады. Қажыкен досын әрең қуып жетіп, ұрса бастады. Оған осы тоқаштың мыңдаған адамдардың еңбегімен, маңдай терімен келгендігін, соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді. Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта әрең жүріп келе жатты.
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтіннің тақырыбы
Мәтіннің негізгі ойы
Мәтін не туралы?
Қажыкен Болатқа не үшін ренжіді деп ойлайсың?
Болат қандай қателік жіберді?
Мәтіннен қандай ой түйдің?