Мәтінді түсініп оқы, мәтін ішінен синоним, ононим, антоним сөздер болса дәптерге жаз. Мәтін: жануарлар туралы ертегілер көне замандағы аңыздар мен әртүрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болған. Кейінгі замандарда адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсеткен. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішінініндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі адамдардың кейбір. Мінезін білдіруге қолданылған. Мысалы:түлкі-аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс адуынды озбыр, қара күш иесі, аю-икемсіз, қарабайыр т.б. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар, мінездері де шебер сомдалады.
Жануарлар туралы ертегілердің құрылымы күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Олардың үлгілері - <<қотыр торғай>>, <<Кім неден күшті>>? т.б. Ертегілер. Мұндай мысал-ертегілерде баяндау белгілі бір моральдық қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайды нақылмен аяқталады.
Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдерінем байланысты пайда болған.​

arinaambrosova arinaambrosova    1   07.12.2020 12:11    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi