Мəтінді оқып, тезистік жоспар құрыңыз. Жоспар құруға үлгі:
І. Кіріспе бөлім.
1. Тезис
2. Тезис
ІІ. Негізгі бөлім.
А) сөйлем;
Б) сөйлем;
В) сөйлем.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл
жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбаларымен мəдени күндерінің аясында Кимек
мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл жəне жазба
ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл
мəліметті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін
тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?
Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі
мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты
тұрғыда дейсіз бе, əйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің
бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің
халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана
өткізбей, славян мəдениетінің ұлылығын дəлелдеуге арнайды. Əлемде тек қана бір тіл ғана
болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған əлемдегі бүкіл славян танушы
ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе
жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал
руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз.
Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дəлелдеуінше,
грек əліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дəріптемейміз деп іштей
толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркі танушы.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал
жолдаған. Олар сына жазуының,жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте жəне жоғары
оқу орындарында терең деп болмасада, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол
үшін арнайы ғылыми-əдістемелік бағдарлама əзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл
сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің
ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік
ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі əлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім.
Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы
ғалым.
Бас əріппен жазылған күрделі атаулар Ереже арқылы себебін түсіндіріңіз