Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Астана – Қазақстанның елордасы, қазақтың шуақты болашақ каласы. Қазақ мәдениетінің ошақ ортасы, ғылым және білім ордасы. Қазақ елінің көгілдірлі туы желбіреген тәуелсіздіктің ордасы. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Қала жобасын жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған.
1-тапсырма.
Мәтіннен есімдіктермен сын есімдерді теріп жазыңыз. Есімдіктердің түрін анықтаңыз.