Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ана тілің -арың

22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге арнаймыз.
Біздің еліміз – көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған.
Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын анықтаңыз. (2)
А. Тіл туралы әндер туралы
Ә .Өнер туралы
Б. Көп тілді білу туралы
A. Еңбекқорлық туралы
Г. Адамгершілік туралы
Д. Өз тіліңді қастерлеу туралы

2 –тапсырма. Мәтіннің негізгі идеяларын табыңыз. (2)
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
Ә. Біздің еліміз – көпұлтты мемлекет.
Б. Біздің планетамызда 5651 тіл бар.
B. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
Г. Тілдер мерекесін ойдағыдай өткізу
Д. Қанша тіл меңгерсең де өз тіліңді ұмытпа

3-тапсырма. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. (1)
A. Әңгіме
Ә. Сұхбат
Б. Ертегі
B. Мақала
Г. Өлең
C. Диалог

4- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша Бұрыс ақпаратты анықтаңыз.
(+ белгісімен белгілеңіз).

1 Бізге ата-бабаларымыздан қалған өсиет-салт-дәстүріміз бен тілімізді сақтап, дамыту
2 Тіл әр адамға ана ақылымен беріледі
3 Басқа тілдерді де үйреніп, өз қажетіңе қолдану керек

5-тапсырма « Мен ана тілімді құрметтеймін» тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе мазмүнында сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырайларын қолданыңыз

коля725 коля725    3   19.10.2020 04:21    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi