.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз. Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.

Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.

Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал -мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.

1. Бабаларымыз ежелден нені аса жоғары бағалаған?



2. Айтыста ақындардың несі анық байқалуы тиіс?



3. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі не?



4. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер қандай қызмет атқарады?

Каракат11111 Каракат11111    2   04.03.2021 20:48    1

Ответы
supersuperolga1 supersuperolga1  03.04.2021 20:51

1.Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған.

2.Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс.

3.Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал -мәтелдер.

4.Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi