Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшелігін анықтаңыз. Саяхат ережесі

Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына

айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам

танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп,

танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат

ережелерін жақсы білу керек.

- Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін

көре аласың, ой түйесің.

- Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте

істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға

болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең,

екіншісі сенің көңіліңнен шығады.

- Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра

бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп

назар аударасың.

- Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір

сапасына, транспортқа.

- Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма.

Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.

- Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша

жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық

орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек!

Мәтіннің түрі:

Жанрлық ерекшелігі:​

Sinderella2006 Sinderella2006    2   07.05.2021 10:36    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi