Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар. Жақсы кітап – жан азығы
Кітап – а ң баға
жетпес асыл құндылығы. Білімнің
биік белестеріне жетелейтін де кітап.
Француз жазушысы Дени Дидро;
«Адамдар кітап оқуын қойса, ойла-
уын да қояды», - деген. Ал дана хал-
қымыз: «Кітап – қазына», - деген.
Кітап оқыған адамның ақыл-ойы, білім-парасаты кітап
оқымаған адамға қарағанда әлдеқайда жоғары болады екен.
Олар қоғам өміріне белсенді араласып, үнемі ізденісте жүре-
тін көрінеді. Мұны ғалымдардың зерттеулері де растап отыр.
Бүгінгі жастар бос уақытында немен айналысады? Көзіміз
көріп жүргендей, олардың көпшілігі түрлі әлеуметтік желі-
лердегі, ғаламтордағы жаңалықтармен танысып, жүлдыз-
дардың жеке парақшаларын ақтарумен уақыттарын өткізіп
жатыр. Бұл, әрине, көңілге кірбің ұялатады. Уақыттарын
өздеріне керексіз дүниелерге арнағанша, кітап оқуға жүм-
саса, құба-құп болар еді.
Бүгінде кітап оқу үшін бар жағдай жасалған. Кітапханаға
бармай-ақ, ғаламтордан оқу мүмкіндігі пайда болды. Оқи-
тын кітабын телефонға жүктеп алып, кез келген жерде, кез
келген уақытта оқуға болады. Тек кітап оқуға деген ықылас
болса болғаны.
(Рыскул Мәтжанқызы)
!