Мәтінді оқып, мазмұнына қарай ат қойыңдар. Бүгінгі күнде елімізде ерлік көрсететін істер саласы өте көп. Ғарыш-
қа ұшу теңдесі жоқ ерлік. Шөл далада каналдар қазу, қала орнату,
тың даланың төсін жаңарту еңбек адамдарының ерлігі емес деп қалай
айтамыз? Әлі де ғылымның сан-саласы ашпаған жаңалықтарды біздің
болашағымыз жастар, ғылымның жас өрендері ашады. Бағдарлап
байқап қарасақ, айналаң толы еңбек, жаны таза, ары таза адамдар.
Бақытты болашақ үшін маңдай терін төгіп еңбек етуде. Ал, балалар,
сендердің жан дүниелерің бүгінгі өмірге лайық болуы керек. Отанға
берген сертіңді орындап, ата-бабалардың қасиетін бойына жинап,
өнегелі, тәрбиелі, оқуда озат болу – сенің ерлік жолындағы дайындығың.
Әрқашан да дайын бол, жас дос.
Қ. Қайсенов
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
gradina
1. Автор болашақты құруда кімдерге үміт артады?
2. Атап көрсеткен жұмыс түрлерін неліктен ерлік деп есептейді
Олардың адам өміріндегі маңыздылығы неде?
3. Неліктен еңбекті бақытты болашақтың кепілі деп санайды?​

anisimowaanastowf62v anisimowaanastowf62v    1   06.09.2020 05:28    1

Ответы
dashanarmania dashanarmania  15.10.2020 17:47

Бірнеше тақырыптың біреуін таңдап алыңыз:

1. Жастардың болашаққа бағдары

2 Қазіргі заманның ерлік істері.

3.Ғылымның дамуы.

4.Бағдарлы сала.

1)Жастарға үміт артады. Олардың тәрбиелі, көп еңбек етуі,жаңа дүниелерді ойлап табуы болашаққа айқын бағдар береді.

2)Ғарышқа ұшу арқылы жерсеріктер орнатады, телевидение дами бастайды,әртүрлі ақпараттар алып отырамыз. Канал қазу арқылы мысалы қазіргі кезде газ, мұнай тасымалдауға өте тиімді. Қала орнату адамдардың тұрмысына, жұмыс күшіне өте қолайлы болмақ.

3)Неғұрлым көп еңбек етсек, соғұрлым болашақта олардың пайдасы тиеді. Қазіргі кезде техниканың дамуы болашақта келер ұрпақтың ақылды, саналы болып қалыптасуымен қатар өмірлерін жеңілдетуі мүмкін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi