Мәтінді оқып, мәтінге сәйкес келетін , келмейтін ақпаратты таңдаңыз. Ас- адамның арқауы. Қазақ халқы асты жоғары бағалап, « Ас- адамның арқауы» -деп, қадірлей білген. « Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды», « Астан үлкен емессің» , «Ақты төкпе» , «Нанды шашпа» деген мақал –мәтелдер мен ырым- тыйым сөздер осының дәлелі. Қазақтың дастарханы қашанда ет, сүт, ұн, дәнді дақылдардан жасалған тағамдарға бай. Әрине, олардың

әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Шынында, қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оның әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Қазақ халқында дастархан мәдениеті жақсы сақталып, дастархан басында асқа байланысты мақал- мәтелдермен ас қайыру батасы айтылып отырған. «Таңертеңгі асты қалдырма, түскі асқа телмірме , кешкі асты бақпа»- деп келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дәстүрлі наным- сенімге негізделген ас қабылдаудың күнделікті тәртібін бейнелейді. Рас, жүйелі тамақтанбау және ағзаға сіңімді тағам пайдаланбау адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Меніңше, қазақ халқының тамақтану ережесі туралы көптеген ұлағатты сөздері медицинада дәлелденген.

Ас- адамның арқауы, дұрыс тамақтану күніміздің сәтті өтуінің кепілі.

nata12377 nata12377    3   17.03.2021 12:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi