Мәтінді оқып, қарамен берілген сөйлемдерге қажетті тыныс белгілерді қойып жазыңыздар.
Адамның бір түнде көретін түсінде оқиғалар толығымен баяндалмайды. Материалистердің
айтуынша түс дегеніміз ми функцияларының бірі Яғни, адам ұйқыға кеткен кезде ми сөніп,
жалған қиялға сене бастайды.
Өкінішке орай, бұл да дәл анықтама емес. Ұйқыға кеткен ми ойда жоқ картиналарды қалай
көз алдымызға әкеле алады. Мұнымен қатар, бір түс шындыққа жанасса, енді бірде адам сенгісіз
күйде болады. Мысалы, үйіңіздегі бөлмелердің орны ауысады немесе сіз бұрын-соңды жақсы
танитын адамдар өздеріне ұқсамайды. Жауаптарға қарағанда, сұрақтар тым көп. Десе де жауабын
іздеп көруге болады. Материяны бірінші орынға қойып, сананы шетке ысыратын
материалистердің бұл сұраққа жауабын білдік. Енді идеализм не дейтінін анықтап көрейік. Олар
айналамыздағы жаратылыстың заттардың барлығының санамызда пайда болып өмір
сүріп жатқандығын айтады