Мәтінді оқыңыз. Геолог ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш
президенті, Ертіс өңірінің академиктер әлемінің бас ұйытқысы, ұлы дала жұлдызы, қазақтың тұңғыш
академигі Қаныш Имантайұлы Баянауылдың батыс бөктерінен күншілік жерде, өзеннің жағасында ірге
тепкен Сәтбай қажының кіші ауылында дүниеге келген. Содан болар, Семей елін – Абай елі десе, Кереку
елін - Қаныш елі деп айтады.
Қаныш аға ғылым ордасын көтерген күнгі салтанатта сөйлеген сөзінде былай деген екен: «Ғылым жалған
мадақты сүймейді, ғылым биік сарайына біреуді жақсы көріп, иә жалтақтап жүріп кіре алмайсың. Ғылым
ымырашылықты, бос мақтан даурытпалықты, өтірік мәлімет, өсек-аяңды, көрсеқызарлықты да көтермейді.
Оған ниет, таза жүрекпен бару керек».
Баянауыл елі – қазақ халқының киелі да қастерлі жері. Ата-баба дәстүрінде тәрбиеленген ұрпақтан ғұлама
ғалымдар шыққан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та осы қасиетті жерде дүниеге келді. Баянауыл
тауларында табиғи тастан «жасалған», небір таңғажайып сәулеттерді кездестіреміз. Теміртау сияқты алып
қаланы тұрғызу, металлургия кешенін салу идеясын 1946 жылдан бастап жоғарғы жаққа өтінішпен шығып,
ойларын жүзеге асырды. Қаныш аға ұлы даланың көп жылдар толғатып, заманалар тоғысуынан соң, XX
ғасырда қазақ халқына сый етті.
Баянның қарағайы мен жұпардай аңқыған көкорай шөптердің хош иісін қанша жұтсаң да көкірек бір
тоймайды. Баянауылдың бейресми әнұранына айналған, сөзі Қабдікәрім Ыдырысовтың, әні Нұрғиса
Тілендиевтің «Баянауыл вальсінің» қайырмасында «Баянның Қанышы көпке әйгілі» деген сөздер алынып,
«ұлдары» деген сөзге өзгертілген екен. Жан-жақты ойластырылып, жасалған әрекет екені белгілі.
Академияның негізін салған дара тұлға кейінгі ұрпақтарға үлкен жол сілтеп кетті.
"Қаныш елі" деп қай елді айтатынын көрсетіңіз.


Мәтінді оқыңыз. Геолог ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және т

kama1ezeGggggg kama1ezeGggggg    2   21.12.2020 12:23    0

Ответы
ррррррррор1 ррррррррор1  20.01.2021 12:24

кімде бар жауабы айтндарш

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi