Мәтінді оқыңыз. Демеулік шылауларды табыңыз. ( Прочитайте текст. Найдите служебные частицы) - Меруерт Өтекешева мен Құрман Тастанбеков дегенде көзімізге алдымен Жібек пен Төлегеннің бейнесі елестейді. Олар қос ғашықтың бейнесін «Қыз Жібек» фильмінде ойнап қана қойған жоқ, өмірде де бір отбасына айналды.
«Қыз Жібек» тек мәңгілік махаббат емес, қазақтың салт-дәстүрін, шежіресін, әдет-ғұрпын кеңінен қамтыған фильм. Халықтың сүйіспеншілігінен әлі де ажыраған жоқ. «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыр ойдан шығарылмаған. Шынайы өмірде болғандығымен де қызық шығар. Бұл махаббат оқиғасы осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар,- дейді Меруерт Өтекешова.