Мәтінді оқы . Тақырып қой.
Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қала
танымастай өзгерді. Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп
қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.
Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбекғ би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны бес жүз
он сегіз мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
Астана –күн санап өсіп келе жатқан әдемі ,көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың
аты әлемге әйгілі.
1. Сұраққа жауап жаз. Қала қандай өзеннің жағасында орналасқан ?
2. Тест сұрақтарына жауап жаз.
1. Қазақ тілінде неше есімдік бар?
А) 7
Б)5
В)3
2. «Бәрі, барлығы, түгел» қай есімдік?
А) белгісіздік
Б) жалпылау
В) сілтеу
3. Асстана қаласы басқа қалалардан несімен ерекшеленеді?
А)адамдарымен
Б) «Бәйтерек»
В) ақын
4. «От» өлеңінің авторы кім?
А) Абай Құнанбаев
Б) АхметБайтұрсынов
В) Мағжан Жұмабаев
5. «Мен, сендер, олар» қандай есімдік?
А) жіктеу
Б) сілтеу
В) өз
Тірек сөздерді пайдаланып, «Менің туған өлкем » деген тақырыпта шағын мәтін құрап
жазыңыз. (50-60 сөз) Мәтінде деректі, дерексіз зат есімдерді пайдалан.
Тірек сөздер: туған өлке, сағыныш, арман, асқар тау, көк аспан, махаббат, нұрлы
жүрек, шалқар көл, ну орман т.б.