Мәтінді оқы. Тақырып қой. Қазақ халқында ер баланың тәрбиесімен әке айналысқан. 10-15 жас арасында оған әр нәрсені үйрете бастаған. Төрелік айтуға, іс басқаруға дағдыландырған. Осы кезеңде баланың келешекте кім болатыны, неге қабілеті барлығы анықталған.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», - дей отырып, қазақ отбасында әкелер бар өнерін ұрпағына үйретіп, мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

15-тен асқан соң болашақ отау иесі ретінде тәрбиелеп, шаруаның қыр-сырын үйреткен. «Сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашаң әкесің, арқасүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен!» - деген сөздерді ылғи айтып отырған. Әке ер баламен ақылдасып, оған бала емес, келешек отау иесі ретінде қараған. Баланың пікірін тыңдаған, онымен санасқан. «Әке - балаға сыншы» деген осыдан қалған. Өзін-өзі бағалауға, қадірлеуге үйретіп, жора-жолдастарымен сыйластықта болуға тәрбиелеген.

«Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас», - деп оны тәрбиелеудің кезеңдерін да айтып берген.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы», - деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Атасы немересіне көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып, ішетінін үйреткен. Ұл балаға жеті атасын жаттатып, ел батырларының ерлік хикаяларын әңгімелеген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де - тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Бұзақы болмауға, үлкенді сыйлауға тәрбиелеген.

Отбасындағы ер баланың үлкендеріне енші беріп, бөлек шығарған. Кенже ұл шаңырақ иесі болып есептелген. Ағалары шаңырақ иесі болып қалған кенже інілерін қадірлеген. Жасы кіші болса да, жолы үлкен деп сыйлаған.

Мәтіндегі «Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла.Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толгасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген пікір төңірегінде ойбөліс өткізіңдер.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Қазақ халқы қыз баланы неше жастан бастап үй шаруасына баулыған?

2.Қыз балаға қандай жұмыстарды үйретіп отырған?

3.Анасы қызымен қалай сөйлескен?

4.Қыз баланы қалай тәрбиелеген?​

Aleksandr541 Aleksandr541    1   19.04.2021 08:49    61

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi