Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер. Жолбарыс пен түлкіні көрген аң-құстар не істеді?

Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

Оларға сенбейді.
Алдарынан шығады.
Тым-тырағай қашады.

Horsik1Konnik Horsik1Konnik    2   21.10.2020 09:25    5

Ответы
ftf3 ftf3  20.11.2020 09:26

Өйткені түлкінің қасында жолбарыс болды.Аңдар түлкіден емес жолбарыстан қорықты

Объяснение:

Яғни жауабы:Тым-тырығай қашады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi